Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Солтүстік Қазақстан облысының еңбек ұжымдарымен кездесті.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Солтүстік Қазақстан облысының еңбек ұжымдарымен кездесті.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында кәсіпорындардың жұмысшыларымен, ҮЕҰ өкілдерімен және халықпен кездесті. Кездесулер барысында ол Мемлекет басшысының тапсырмаларын және Қазақстанның жаңа әлеуметтік саясатын жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Сапар басында вице-министр «Мұнаймаш» АҚ мен Петропавл электротехникалық зауытында болды.

«Өндірісте жарақаттану деңгейін төмендету мақсатында 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының жобасы әзірленді. Атап айтқанда, жұмыс орнындағы кәсіптік тәуекелдерді бағалаудың жаңа моделін енгізу, сақтандыру тарифін кәсіптік тәуекел дәрежесіне қарай саралау, кәсіпорындардың цифрлық картасын құру және жергілікті жерлерде мемлекеттік бақылау мен мониторингтің проактивті форматын енгізу ұсынылады. Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру үшін осы санаттағы азаматтарға 55 жастан бастап зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін арнайы әлеуметтік төлем енгізу мәселесі қарастырылуда», — деді Ақмәди Сарбасов.

Сондай-ақ, ол халықтың табысын арттыру мақсатында 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 70-тен 85 мың теңгеге дейін өсетінін айтты. Соның арқасында 1,8 миллионға жуық қызметкердің ақшалай кірісі артады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында министрлік Дүниежүзілік банк сарапшыларымен бірлесе отырып, ең төменгі жалақының мөлшерін айқындау әдістемесін әзірледі, оған сәйкес орташа жалақы мен еңбек өнімділігіне негізделген ең төменгі жалақы мөлшері белгіленеді.

 

Shares