Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » «Дайындық» ЖШС орақ науқанын аяқтауға жақын

«Дайындық» ЖШС орақ науқанын аяқтауға жақын

Аққайың ауданындағы «Дайындық» серіктестігінде орақ науқаны аяқталуға жақын. Биылғы қолайсыз ауа райы аграрийлерге келеңсіздіктер тудырды, бірақ өнімінің шығымдылығында айтарлықтай өзгерісф жоқ, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Серіктестік механизаторлары алқапқа таң атысынан шығып, түн жамылғанша тер төгеді. Қазір орақ науқанын аяқтау үшін әрбір күнді сәтті пайдалану керек. Биыл егіс жұмыстарына 15 мың гектар жер бөлініпті. Мыңы мал азығына, 2 мыңы майлы дақылдарға, қалғаны дәнді дақылдарға бөлінген.

«Біз таңғы 8-ден түнге дейін жұмыс істейміз. Серіктестікте біз үшін барлық жағдай жасалған. Үш мезгіл тамақ, заманауи техника. Бұрыңғы техника үнемі сынатын. Қазір ондай қиындықтар жоқ. Жалақы еңбегімізге сай келеді, барлығына көңілім толады», – дейді серіктестік механизаторы Асхат Сүттібаев.

Жаңбырсыз жаз бен жаңбырлы қыркүйек көп диқанға қиындықтар туғызды. Бірақ бұл серіктестікте айтарлықтай мәселелер жоқ. Өнім көлемі  өткен жылғыдай. Жалпы мұнда негізінен үшінші сұрыпты бидай орылады, 4, 5 сорттар да бар. Егер жауын-шашын болмаса, егіс алқаптарынан бұдан да көп өнім алар едік, дейді бас агроном.

«Биыл әдеттегідей науқанды 20-шы тамызда бастадық. Ағымдағы жылы қиындықтар болды. Бұл салада көп жыл жұмыс істеп келеміз, мұндайды бірінші рет көріп отырмыз. Жаз бойы болмаған жаңбыр орақ науқанында жауды. Жерге ылғал түсер алдында жиым-терімнің 20 пайызы орындалды. Майлы дақылдар мен мал азығын жинап алдық. Дәнді дақылдар ғана қалды. Қазіргі уақытта арпа орылып жатыр. Өнімділікке келер болсақ,  гектарынан 25 центнер алудамыз. Ауа райы қолайлы болса,э осы аптаның аяғында шаруашылықтағы орақ науқанын аяқтаймыз», – дейді ЖШС бас агрономы Азамат Сағандықов.

Shares