Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО ПД бастығы М.Қозыбаев атындағы университет студенттерімен кездесті

СҚО ПД бастығы М.Қозыбаев атындағы университет студенттерімен кездесті

СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов М.Қозыбаев атындағы университет студенттерімен кездесті. Облыстық полиция басшысы тәртіп сақшыларымен жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етіп, жолдардағы, қоғамдық орындардағы және ғаламтор желісіндегі қауіпсіздіктің негіздері туралы нақты ұсыныстар берді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Жол қозғалысы ережелерін сақтау, буллингтер мен бопсалаушылықтардың алдын алу сияқты тақырыбындағы дәріске барлық факультеттен 500-ден астам студент қатысып, қылмыс пен құқық бұзушылықтың құрбаны болмау туралы лекциялар тыңдады. Спикер студенттердің назарын заңнаманы бұзғаны үшін қолданылатын әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке аударды. Нашақорлық пен есірткінің таралуы қоғамның маңызды мәселелері болып қала береді. Көбіне есірткі сатушылар жастарды есірткі жасырушы ретінде пайдаланады. Орташа алғанда, мұндай “бизнеске” қатысатын жасөспірімдерді полиция қызметкерлері 2-3 айда ұстайды. Есірткі айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады.

“Біздің елде есірткіні жарнамалау мен насихаттау үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Бұған граффити жазуларын қолдану, хабарландырулар немесе QR кодтарын тарату, форумдарда немесе мессенджерлерде есірткі туралы оң пікірлері бар хабарламалар орналастыру жатады. Жаза 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Мессенджерлерде есірткі сайттары мен чаттарды әкімшілендіру ауырлататын жағдай болып табылатындықтан 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады”, – деп атап өтті облыстық ПД бастығы.

Баяндаманың жеке бөлігі құмар ойындарға қатыспауға, ойындар мен ұтыстарға қаражат пен күш жұмсағанша, бос уақытты спортқа, ғылым мен отбасыға арнауға шақыруға арналды. Кездесу соңында студенттердің сұрақтарына жауап бере отырып, Айдын Қабдұлдинов жоғарғы оқу орнының болашақ түлектерін ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу жағын қарастыруды ұсынды. Жұмыстағы ауыр жауапкершілік пен тұрақты емес жұмыс кестемен қатар полиция қызметінде тұрақты жалақыны және ерте зейнетке шығу сияқты бірқатар жеңілдіктермен қамтамасыз етелген. Осы сияқты кездесуді ПД бастығының орынбасары жақын арада облыс орталығында және аудандардағы оқу орындарының оқушыларымен өткізеді.

Shares