Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Облыстық балалар ауруханасындағы ана мен бала бөлмесі ананың жағасын ұстатты

Облыстық балалар ауруханасындағы ана мен бала бөлмесі ананың жағасын ұстатты

Қыздың айтуынша, баланы тамақтандыру үшін медбике ана мен бала бөлмесіне кіруге кеңес берген. Ішке кірген бойжеткен ол жерде бір сәт те қалғысы келмепті. Оған үстелдегі шаң бір айдан астам сүртілмегендей болып көрінген. Бойжеткен шағын орындыққа отыру үшін де оны дымқыл шүберекпен сүрткенін айтты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

«Өте жақсы аурухана! Әдемі бөлмелер, өте сыпайы, мейірімді және жауап беруден қашпайтын дәрігерлер, олардың жұмысы үшін үлкен рахмет айтамын. Бірақ мына кабинет мені қатты таң қалдырды», – дейді қала тұрғыны.

Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының әкімшілігі хабарламаға жауап берді. Мекеме өкілдері атап өткендей, ақпарат назарға алынып, дереу тиісті шара басталды, бөлменің қазіргі күйін бағалау үшін арнайы комиссия жұмыс істеді.

Себеп анықталды. Жұма күні, яғни 22 қыркүйекте үшінші қабаттағы су құбырында ақау орын алыпты. Оны жою үшін демалыс күндері шаруашылық бөлімшенің жұмысшылары екінші және үшінші қабаттарда қабырғаларды біршама ойған. Салдарынан көп шаң болған. Дүйсенбі күні кіші медицина қызметкерлері бұл бөлмені шаңнан тазарту керек еді. Жөндеу жұмыстары аяқталмағандықтан, жоғарыда аталған шаралар орындалмаған.

«Осы кезеңде емхана өкілдері сәбилері бар аналарды уақытша жібере алатын көптеген басқа бөлме бар. Кінәлілерге шара қолданылып, егжей-тегжейлі талдау жүргізіліп, үш күн ішінде ана мен бала бөлмесі тиісті қалыпқа келтіріледі! Аурухана әкімшілігі келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды!», – деп қосты облыстық балалар ауруханасы басшылығы.

Shares