СҚО пренатальды диагностика бойынша үздік атанды
Қыркүйектің 29 мен 30 күндері Астанада пренатальды медицинаның халықаралық конгресі өтті. Алғаш рет өткізіліп жатқан шара саладағы маңызды оқиғалардың біріне айналды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Оған алыс-жақын шетелдерден жетекші мамандар, танымал профессорлар, генетиктер мен кардиохирургтар қатысты.
Мамандар балалық шақтағы туа біткен патологияларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін талқылап, білім кеңейтіп, тәжірибе алмасты. Айтпақшы, шараға облыстық пренаталдық орталықтың өкілдері де қатысты. Олар жүлдемен оралды. СҚО пренатальды диагностика бойынша Қазақстанның үздік бестігіне енді.