Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » Петропавлда Қазақстан драма театрларының республикалық фестивалі бастау алды

Петропавлда Қазақстан драма театрларының республикалық фестивалі бастау алды

Петропавлда мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтің мерейтойына орай Қазақстан драма театрларының республикалық фестивалінің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Біздің өңірде республикалық фестивалдің өтпегеніне 20 жылдан асқан. Мәдени шараға Алматы, Ақтау, Қарағанды, Павлодар, Талдықорған, Жезқазған және Түркістаннан 10 театр қатысып отыр.

“Өңірімізде фестивалдің өтуі – айтулы оқиға. Тарихқа көз жүгіртсек, Солтүстік Қазақстан – көптеген талантты драматургтер мен жазушылардың туған жері. Ғабит Мүсірепов, Мағжан Жұмабаев, Иван Шухов және Сәбит Мұқановтың шығармалары еліміздің театрларында сахналануда. Алдағы бір апта бойы еліміздің үздік театрлары көрермендердің назарына қойылымдарды ұсынбақ”, – деп жазды облыс әкім Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

 

Shares