Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-дағы шекара бекеттерінде орналасқан өткізу пунктерінде қандай қиындықтар бар?

СҚО-дағы шекара бекеттерінде орналасқан өткізу пунктерінде қандай қиындықтар бар?

Облыстың шекарада орналасуына және құқықтары бұзылған кәсіпкерлердің бірнеше мәрте өтініштеріне сүйене отырып, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бақылау-өткізу бекеттеріндегі бақылау тетіктерінің жетілдірілмегендігін анықтаған талдау жүргізді. 12 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталып, 24 ұсыныс берілді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Мысал ұсынайық. Тауарын экспортқа шығарған кәсіпкер көмірдің сапасын растайтын анықтама бергенімен, мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері оның сыртқы жағы тасқа ұқсастығын алға тартып, қара отынның сапасын талдау бойынша сынақ актісін ұсынуды талап еткен. Сондай-ақ, автокөлік өткізу пункттерінде көлік құралдарын тексеру жүргізілмей, тек ілеспе құжаттарды сканерлеу ғана жүргізілетіні анықталды.

Бұл жағдайлар бос көлік атын жамылып, жүктерді тасымалдауға әкеп соқтырады, нәтижесінде бюджетке салық түспейді. Сонымен қатар, салық төлеуден жалтару мақсатында жалған құжаттарды пайдаланып, тыйым салынған тауарларды әкелу мен әкету орын алуы мүмкін.

 

Shares