Шенеуніктердің мемлекеттік бюджетті қалай тиімсіз жұмсап жатқаны айтылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сарапшыларының күнделікті мониторингінің негізгі бағыттарының бірі – мемлекеттік сатып алу жүйесі. Негізгі міндет – жоспарлау кезеңінде тауар бағасының жасанды көтерілуіне жол бермеу, дейді QZ Media тілшісі.
Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар бюджет қаражатын үнемді және тиімді бөлуге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылдың 9 айында агенттіктің жергілікті департаменті сатып алу бағасын асыра бағалаудың 79 фактісін анықтады. Сатып алу мониторингі аясында 1,826 млрд теңге көлеміндегі бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланбады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысынан кейін Петропавл қаласы әкімінің аппараты бір шаршы метрін 35 000 теңгеге сатып алуды жоспарлаған кілемдерді сатып алу бағасын қайта қарады. Жұмсалмаған қаржы 7,8 млн теңгені құрады», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Асхат Джакыипбеков.