Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да жол апатынан екі учаскелік полиция инспекторы қаза тапты

СҚО-да жол апатынан екі учаскелік полиция инспекторы қаза тапты

September 6, 2025 15:29

«Чистополье – Шоптыколь» автожолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан ішкі істер органдарының екі қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды QZ NEWS.

Chevrolet Cobalt және Toyota Camry көліктері соқтығысып, қызметтік міндетін атқарып жүрген екі жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Қаза тапқандар – СҚО ПД учаскелік полиция инспекторлары, полиция майоры Владимир Синицын және полиция аға лейтенанты Даулетхан Қазыхан екені белгілі болды.

«Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция департаменті марқұмдардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», — деп мәлімдеді СҚО ПД.

Shares