Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдағы Достық үйінде СҚО ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Петропавлдағы Достық үйінде СҚО ардагерлеріне құрмет көрсетілді

October 24, 2025 12:49

Солтүстік Қазақстан облысының ардагерлеріне Петропавл қаласындағы Достық үйінде салтанатты түрде құрмет көрсетілді. Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Жүректен жүрекке – сүйіспеншілік пен алғыс сезімімен» атты шара облыс орталығы тұрғындарына арналды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Аға буын өкілдеріне құрмет көрсетуге өңірдегі этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты. Салтанатты шараны «Қоғамдық келісім» КММ мен Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ардагерлер кеңесі ұйымдастырды.

Солтүстік Қазақстан облысының ардагерлеріне Алғыс хаттар табыс етілді. Құрметті қонақтар үшін қаланың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.

– Шара Қарттар күніне арналған айлық аясында өтіп отыр. Мақсаты – аға буынға құрмет көрсету құндылықтарын дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, қоғамдағы достық пен келісімді күшейту, – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Shares