Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО шетелдік есептегі көліктердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларында 7 адам қаза тапты

СҚО шетелдік есептегі көліктердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларында 7 адам қаза тапты

Қазақстан заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін шетелде тіркелген автокөлік құралдарын пайдалануға тыйым салынды. 1 қыркүйектен бастап, шетелден әкелінген машиналарды заңдастыру үшін адамдарға берілген мерзімдер аяқталған соң, СҚО полицейлері күн сайын шетелдік нөмірлері бар автокөліктер бойынша рейдтер жүргізуде, деп хадарлайды QZ Media тілшісі.

Тәртіп сақшылары жүргізуші куәліктерін, техникалық паспорттарды және басқа да құқық белгілейтін құжаттарды тексереді. Рейдтердің өтуі барысында барлығы 432 автокөлік тексерілді. 43 құқық бұзушылық анықталды. Жиі жасалатын бұзушылықтар – мерзімі өткен сақтандыру, техникалық байқаудан уақтылы өтпеу. Жыл басынан бері СҚО аумағында шетелдік есепке алынған автокөліктердің қатысуымен 34 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 7 адам қаза тауып, 52 адам жарақат алды.

“Бұл жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі және ҚР Ішкі істер министрлігінің бақылауында. Рейдтердің мақсаты – шетелдік есепте тұрған автокөліктердің ҚР заңнамасының талаптарын сақтауы. Бұл әсіресе транзиттік қатынасы жоғары шекаралас аймақта байқалады”, — дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Григорий Тыш.

Shares