Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов этномәдени бірлестіктердің басшыларымен кездесті

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов этномәдени бірлестіктердің басшыларымен кездесті

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қызметімен танысып, этномәдени бірлестіктердің басшыларымен кездесті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Солтүстікқазақстандықтар арасында келісім мен бірлікті нығайтуда облысымыздың этноорталықтарына үлкен міндет жүктелген. Облыстық Ассамблея әртүрлі этностардың дәстүрін, тілін және мәдениетін танымал ету бағытында көп жұмыс атқаруда.

«Биыл бюджет есебінен Ассамблея ғимараты күрделі жөндеуден өтті, акт залы мен этноорталықтардың  кабинеттері жаңғырды. Материалдық-техникалық базасы жаңарды, жақында жаңа көлік келеді. Біз алдағы уақытта да облыстық Ассамблеяға қажетті қолдау көрсететін боламыз”, – деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Shares