Уәлиханов ауданында емхана мен жабық бассейн пайда болмақ
Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облысымыздың ең шалғай ауданы – Уәлихановта болды. Тұрғындар ауданға лайықты деңгейде назар аударылмауда, дейді. Бірақ бұл олай емес, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Аталмыш ауданда оң өзгерістер орын алуда. Кішкенекөлде қазір жаңа емхана мен жаттығу залы бар жабық бассейннің құрылысы жүріп жатыр. Ақбұлақ ауылында 1300 басқа арналған сүт фермасының құрылысы жалғасуда. Бұл жобаның арқасында ақбұлақтықтар жыл бойы жұмыспен қамтылмақ. Бұдан бөлек, «Жолдасбай Агро» шаруа қожалығы да тауарлы-сүт фермасын салып жатыр
«Ақбұлақта мектепке барып, тұрғындармен кездесу өткіздім. Қазір ауылда су желілері тартылуда. Келесі жылы ауыл көшелері жөнделмек”, – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.