Айыртау ауданында өрт сөндірушілер жанған шөптен шыққан оттың таралуына жол бермеді
October 30, 2025 12:41

Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында өрт шығып, шаруашылық ғимаратта тұрған 10 пресс шөп жанған, деп хабарлайды QZ NEWS.
Оқиға Новосельская көшесінде болған. От шаруашылық нысанын шарпыған. СҚО ТЖД мәліметінше, жергілікті «Ауыл құтқарушылары» құрамындағы өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында жалынның тұрғын үйге таралуының алдын алынды.
Өрт толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
