Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да мұнай өнімдері бойынша тапшылық байқалмайды

СҚО-да мұнай өнімдері бойынша тапшылық байқалмайды

October 29, 2025 20:00

Солтүстік Қазақстан облысында мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты, жанар-жағармай бойынша тапшылық жоқ. Бұл туралы СҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасында хабарлады, деп жазады QZ NEWS.

Ірі жанармай құю станцияларының мәліметінше, өңірде АИ-92 маркалы бензин қоры 4207 тоннаны құрайды, бұл облысты 16 күнге жеткілікті отынмен қамтамасыз етеді. Қосымша 2065 тонна бензин жолда келе жатыр.

«Халықтың АИ-92 маркалы бензинге сұранысын «Qazaq Oil», «Helios», «Эталон Авто» және «Shelf» секілді ірі жанармай құю желілері толық қамтамасыз етіп отыр. Бұл станцияларда жанар-жағармай еркін сатылады. АИ-92 маркалы бензиннің бағасы литріне 230–239 теңге аралығында, бұл Энергетика министрлігі белгілеген шекті мәндерге сәйкес келеді», – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда Петропавл қаласында және облыстың үш ауданында «Трасса KZ» жанармай құю станцияларында АИ-92 маркалы бензин еркін сатылуда. Ал жеті ауданда бұл маркадағы бензин талон арқылы беріледі. Дегенмен, аталған аудандарда да жоғарыда аталған ірі желілердің («Qazaq Oil», «Helios», «Эталон Авто», «Shelf») станциялары жұмыс істейді, онда сату еркін түрде жүзеге асырылады.

Shares