Петропавл халықаралық әуежайының басшысы болып Абыл Кекілбаев тағайындалды

Петропавл халықаралық әуежайында басшылық құрам жаңарды. Енді мекемені жаңа директор — Абыл Кекилбаев басқарады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Жаңа басшы — Азаматтық авиация академиясының «инженер-авиадиспетчер» мамандығы бойынша түлегі. Сондай-ақ ол Рига аэронавигация институтында магистр дәрежесін және Nazarbayev University-де MBA дәрежесін алған.
Абыл Кекілбаев кәсіби еңбек жолын «Қазаэронавигация» компаниясынан бастаған. Онда ол авиадиспетчерден бас директордың орынбасарына дейінгі қызмет сатыларынан өткен.
Сонымен қатар ол Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ICAO) жұмыс істеген, Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, сондай-ақ «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайы басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарған.
Компанияның әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында атап өтілгендей, Абыл Кекілбаевтың басты мақсаты — «Қызыл-Жар» халықаралық әуежайының қызмет сапасы мен даму деңгейін жаңа белеске көтеру. Оның басшылығымен Петропавл әуежайы жаңа бағыттарды ашып, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыра отырып, қарқынды дамуын жалғастырады деп күтілуде.
