Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда Максим Фоотты қолдауға арналған қайырымдылық концерті өтеді

Петропавлда Максим Фоотты қолдауға арналған қайырымдылық концерті өтеді

November 7, 2025 21:31

12 қараша күні сағат 19:00-де Ақан сері атындағы облыстық филармонияда «Северянки» дуэтінің қайырымдылық концерті өтеді. Шарадан түскен қаражат 17 жастағы Максим Фооттың еміне бағытталады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарын «Мейірім қаласы» атты қайырымдылық концертіне шақырады. Көрермен алдында әйгілі «Северянки» дуэті өнер көрсетеді. Сондай-ақ халықтық «Экспромт» би театры, «Томирис» сән театры және «Забияки» ансамблі де өз өнерлерін ұсынады.

Билет сатып ала отырып, петропавлдық 17 жастағы жігіттің өмірін сақтап қалуға үлес қоса аласыз. Концерттен түскен барлық қаражат Максим Фооттың Юинг саркомасына қарсы еміне жұмсалады. Оның отбасына 50 миллион теңгеден астам қаражат қажет. Жас жігіттің анасының айтуынша, бүгінде ортақ күшпен 37,5 миллион теңге жиналған.

Билеттерді Жұмабаев көшесі, 114 үй, 322-кабинеттен сатып алуға болады. Байланыс нөмірі: +7 775 534 1402 (Динара Төбегабылқызы Нұртазина).

Айта кетейік, Максимге Юинг саркомасы қыркүйек айында диагноз қойылған. Қазір ол Израильде ем қабылдап, екінші химиятерапия курсын өтіп жатыр. Максим телеграм арнасында өз өмірінен сәттер мен емдеу барысын бөлісіп отырады.

«Екінші химиятерапия курсы басталды, ол екі күнге созылады. Сонымен қатар маған антибиотиктер де енгізіліп жатыр. Барлығы 14 болады. Бір курс – екі апта: бірнеше күн химияның өзі, қалған күндері ағзаны қалпына келтіремін», – деп жазады Максим өзінің телеграм-арнасында.

Қаржылай көмек көрсеткісі келетіндер төмендегі реквизиттер арқылы кез келген сомада қаражат аудара алады:
+7 777 139 86 79 Юлия Ф. (Kaspi bank, Halyk Bank, BCC Bank)
+7 905 098 39 49 Александр Ф. (Ресей банктері үшін)
4400 4303 1258 0126, 8777 139 86 79 — Kaspi Bank
4899 9333 8823 1662, 8777 139 86 79 — Банк ЦентрКредит
4003 0351 2420 9961, 8777 139 86 79

Shares