Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО спортшылары республикалық «Тең мүмкіндіктер» фестивалінде табысты өнер көрсетті

СҚО спортшылары республикалық «Тең мүмкіндіктер» фестивалінде табысты өнер көрсетті

November 7, 2025 17:11

Солтүстік Қазақстан облысының жас спортшылары республикалық «Тең мүмкіндіктер» фестивалінде өңір намысын абыроймен қорғады, деп хабарлайды QZ NEWS.

Ауқымды шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 500-ден астам бала қатысты. Фестивальде СҚО атынан өңірлік іріктеу кезеңінен өткен 5 команда бақ сынады. Жарыстар бочче, «Көңілді старттар» және жеңіл атлетика сияқты спорт түрлері бойынша өтті.

Қатты бәсекелестікке қарамастан, солтүстікқазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, табандылық пен командалық рух кез келген қиындықты жеңуге көмектесетінін дәлелдеді.

Нәтижесінде Ғабит Мүсірепов ауданының Новоишим орта мектебінің №2 командасы бочче спорт түрі бойынша 3-орынға ие болып, тамаша көрсеткіштерге қол жеткізді. Сондай-ақ өңірдің өзге де командалары жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

Бүгін балаларды Петропавл теміржол вокзалында салтанатты түрде қарсы алып, олардың республикалық деңгейдегі жетістіктерімен құттықтады.

Shares