Бір пәтер толығымен өртеніп, екіншісі аман қалды: Булаев қаласында тұрғын үйден өрт шықты
November 8, 2025 13:00

7 қараша күні Мағжан Жұмабаев ауданына қарасты Булаев қаласында Попов көшесінде орналасқан екі пәтерлі тұрғын үйде өрт оқиғасы болды. Тілсіз жау №1 пәтерді толық шарпыған, деп хабарлайды QZ NEWS.
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД мәліметінше, өрт дер кезінде сөндірілді. Өрт сөндірушілер жалынның №2 көрші пәтерге таралуына жол бермей, оны үлкен шығыннан сақтап қалды. Оқиға салдарынан тек бір пәтерге зиян келді. Қазір мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.
