Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қазақстанда өзгенің тауар таңбасын заңсыз пайдаланғандарға бас бостандығынан айыру жазасы енгізілмек

Қазақстанда өзгенің тауар таңбасын заңсыз пайдаланғандарға бас бостандығынан айыру жазасы енгізілмек

November 6, 2025 17:07

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Сенатта бизнес өкілдерінің зияткерлік меншігін қорғау тетіктері туралы айтып берді, деп хабарлайды QZ NEWS NewTimes.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ботагөз Жақселекованың айтуынша, бұл саладағы қылмыстық жауапкершілік күшейтілуде.

«Қазіргі таңда бұл заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралып жатыр. Бүгінде өзгенің тауар таңбасын заңсыз пайдалану үшін 80 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген. Біз бұл соманы 200 АЕК-ке дейін ұлғайтып отырмыз. Сондай-ақ, қылмыстық топтардың қайталап жасаған әрекеттері үшін 6 айдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын енгізу қарастырылған», – деді ол.

Shares