Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Сауалнама нәтижелері: Сізге қаланың қай ауданы көбірек ұнайды?

Сауалнама нәтижелері: Сізге қаланың қай ауданы көбірек ұнайды?

Петропавл – Қазақстанның ең әдемі және тыныш қалаларының бірі. Бұл жергілікті тұрғындардың пікірі. Бір апта бұрын тілшілеріміз: “Сізге қаланың қай ауданы көбірек ұнайды?” деген тақырыпта сауалнама жүргізген болатын, деп хабарлайды Qz Media тілшісі.

Қаладағы ең танымал аудан атағына 12 аумақ таңдалып алынды. Сауалнамаға 150-ден астам адам қатысты. Дауыс беру тек редакция сайтында ғана емес, Instagram парақшасында да өтті. Тұрғындардың пікірінше, үздік аумақ тізіміне қаланың Орталығы, «Береке» ықшам ауданы және 19-шы ықшам аудан кірді. Дауыс шамамен бірдей деңгейде жиналған.

Петропавлдықтардың дені Қазақстан Конституциясы көшесімен және дамып келе жатқан «Береке» (бұрынғы Бензострой) және 19-шы шағын ауданында кешке серуендеуді ұнатады.

Үздік аудандардан кейін тізімге 20-шы ықшам аудан, «Қопай», «Жас өркен», «Жұмысшы» кенті енді.

Азаматтар арасында ең танымал емес аудандар: Былғары зауыты, Кирпичный және Ойқала. Бұл түсінікті, себебі жергілікті билік бұл аудандарға аса мән бермейді. Бірақ жақын арада қаламыздың әрбір шағын ауданы жергілікті тұрғындар мен Петропавл қаласының қонақтарын қуантады деп сенеміз.

Біздің парақшамызда тағы қандай сауалнамалар өткенін қалайсыздар? Жаза кетіңіздер, қуана өткізуге дайынбыз.

Shares