Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО әкімі мен Омбы облысының губернаторы 2025–2028 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойды

СҚО әкімі мен Омбы облысының губернаторы 2025–2028 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойды

November 12, 2025 21:31

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында Қазақстан мен Ресейдің XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы өтіп жатыр. Форумның биылғы тақырыбы – «Жұмысшы мамандықтар – экономиканың өсу драйвері», деп хабарлайды QZ NEWS.
 
Бұл тақырып қазіргі таңда ерекше өзекті. Себебі өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің дамуы тікелей еңбек адамына, жұмысшы мамандық иелеріне байланысты.
 
Форум аясында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко 2025–2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына қол қойды. Құжат сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, мәдени, гуманитарлық және өзге де салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
 
Сондай-ақ СҚО делегациясы форумның пленарлық отырысына қатысты. Ол екі ел басшыларының қатысуымен бейнебайланыс форматында өтті.
 
⁠«Өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстан үшін негізгі сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестердің бірі екенін атап өтті. Біздің облыс үшін де Ресей басты әріптес болып қала береді – өңірдің жалпы сыртқы сауда айналымының 60 пайыздан астамы осы елдің үлесінде. Соңғы бес жылда Солтүстік Қазақстан облысы мен Ресей арасындағы тауар айналымы 1,6 есеге өсіп, 697 миллион АҚШ долларына жетті», – деді облыс әкімі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ресейдің Омбы, Қорған және Түмен облыстарымен ғана емес, сонымен қатар Татарстан Республикасымен де тығыз ынтымақтастық орнатқан. Өңір кәсіпорындары ресейлік компаниялармен өнім экспорттау және өндірісте пайдаланылатын шикізат, материалдар мен жабдықтарды импорттау бағытында өзара байланыс орнатқан.
Shares