Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл қаласы әкімдігінде жаңа тайындау

Петропавл қаласы әкімдігінде жаңа тайындау

Қала әкімі Серік Мұхамедиевтің үкімімен Петропавл қаласы әкімінің құрылыс және шұғыл мәселелер жөніндегі орынбасары тағайындалды. Жауапты қызметке Біржан Көшербаев келді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Біржан Сайлауұлы 1994 жылы 7 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Рублевка ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 2013 жылы СҚО бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінде заңгердің көмекшісі болып бастаған. Осы тағайындауға дейін ол аталған органның басшысы қызметін атқарған.

Бұған дейін бұл лауазымда Әділбек Әубәкіров еңбек етті.

 

Shares