Петропавл әкімдігі 2026 жылы әр аялдама мен орындыққа қоқыс жәшіктерін жаппай орнатуды жоспарлап отыр
November 15, 2025 14:24

Петропавл билігі қоғамдық орындарда қоқыс жәшіктерінің санын айтарлықтай арттыруды жоспарлап отыр. Оларды сатып алу және орнату жұмыстары 2026 жылы жүзеге асырылады, деп хабарлайды QZ NEWS.
Қала әкімі Серік Мұхамедиевтің айтуынша, бұл мәселені облыс басшылығы да бірнеше рет көтеріп келеді. Әкім қазіргі орнатылған қоқыс жәшіктерінің саны қаланың тазалығын қамтамасыз етуге жеткіліксіз екенін атап өтті.
«Біз оларды сөзсіз көбейтеміз, бұл – облыс әкімінің талабы. Әр жиналыста маған: орындыққа отырсаң, екі жағында да қоқыс жәшігі болуы керек; аялдамаға келсең, екі жағында да қоқыс жәшіігі болуы керек деп ескертіледі», – деді Серік Мұхамедиев.
