Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Балаларын тик-токқа түсіріп, әйелін мүгедектікке дейін жеткізген: сот жанжалқойға 12 ай бойы жұбайы мен балаларына жақындауға тыйым салды

Балаларын тик-токқа түсіріп, әйелін мүгедектікке дейін жеткізген: сот жанжалқойға 12 ай бойы жұбайы мен балаларына жақындауға тыйым салды

November 14, 2025 22:00

Солтүстік Қазақстан облысының полициясы күйеуінен таяқ жегенін хабарлаған 38 жастағы петропавлдық әйелдің арызы бойынша қылмыстық іс қозғап, жан-жақты тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды QZ NEWS.

Ер адамның әйелін мүгедектікке дейін жеткізгені және өзі мен балаларын тик-токқа түсіргені туралы ақпарат #НеМолчиKZ қорының парақшасында жарияланған. Жарияланымдардан кейін полиция қамқоршылық және қорғаншылық органдарының мамандарымен бірге отбасының тұрғылықты жеріне дереу барды.

Бұған дейін әйелден полицияға тұрмыстық зорлық туралы ешқандай арыз түспеген.

«Әйелдің арызы бойынша отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер бойынша әкімшілік іс қозғалды. Құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ сот оның 12 ай мерзімге жұбайы мен балаларымен әйелінің рұқсатынсыз кездесуге тыйым салатын мінез-құлқына қатысты ерекше талаптар белгіледі. Бұдан бөлек, бұзушыға қатысты материалдар кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына жіберілді», – деді СҚО ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының басшысы Әлібек Ғабдуллин.

Облыстық полиция әйел мен балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілгенін, қазіргі уақытта балалар анасымен әжелерінің үйінде.

Shares