Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » Бескөл ауылында ауқымды жәрмеңке өтті

Бескөл ауылында ауқымды жәрмеңке өтті

November 15, 2025 18:55

Кызылжар ауданының агроөндірушілері қатысқан ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Бескөл ауылындағы Орталық алаңда өтті. Жергілікті тұрғындар балғын өнімдер мен мал азығын нарық бағасынан төмен бағада сатып ала алды, деп хабарлайды QZ NEWS.

Ауданның ішкі саясат бөлімі атап өткендей, жәрмеңкеде 10 тоннадан астам әртүрлі ауыл шаруашылығы өнімдері сатылды. Кең ассортиментte жылқы еті, сиыр еті, құс еті, сүт өнімдері, балық, сондай-ақ жергілікті омарташылардың балы ұсынылды.

Халыққа өз өнімдерін «Адель Кұс» ЖШС, «Мелешко» ЖК, «Молсервис» ЖШС, «Кабаков С» ЖК және өзге де өндірушілер ұсынды. Бұдан бөлек, аграрийлер ауыл тұрғындары үшін үлкен көмек болған 15 тоннадан астам мал азығын – шөп, сабан және жем-шөп қоспаларын сатылымға шығарды.

Келушілер тоңбас үшін ашық аспан астында концерт ұйымдастырылып, ыстық палау мен шай ұсынылды. Бұл жәрмеңкеге келушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Shares