Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » «Су беру тоқтатылмады», -«Қызылжар Су» ЖШС Абай көшесіндегі коллектордың істен шығуы жайлы

«Су беру тоқтатылмады», -«Қызылжар Су» ЖШС Абай көшесіндегі коллектордың істен шығуы жайлы

18 қазан күні кешке Абай көшесінде диаметрі 800 миллиметрлік кәріз коллекторы зақымданған. Жақын маңдағы үй тұрғындарының айтуынша, олардың жертөлелеріне су кірген, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

«Қазіргі уақытта ағынды суларды сору жұмыстары басталды. Оқиға орнында 4 жедел топ, 16 адам жұмыс істеп жатыр, қажетті құрал-жабдықтар мен техника дайын. Себебін анықтау үшін ертең таңертең сараптама жүргізіледі. Қалпына келтіру жұмыстары барынша аз уақыт алуы үшін бар күшімізді саламыз», – деп атап өтті «Қызылжар су» ЖШС баспасөз қызметі.

Зақымдану туралы толық ақпарат ертең таңертең белгілі болады, деді компания өкілдері.

Shares