СКО-да жасырын таксистерді заңдастыру жоспарлануда

Солтүстік Қазақстан облысындағы жолдарда заңсыз тасымалдаушылар мәселесі әлі де өзекті. «Amanat» партиясы алаңында жолаушылар тасымалының «қара нарығымен» күрес шаралары талқыланды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Заңсыз тасымалдаушылар облыс жолдарында шынайы қауіп төндіреді. Олар жол қозғалысы ережелерін жиі бұзып, жолаушылардың өмірін қатерге тігеді. Талқылауға сот, прокуратура, полиция және Петропавл автовокзалы дирекциясының өкілдері қатысты.
Еске сала кетейік, СҚО аумағында «Тасымалдаушы» атты жедел-профилактикалық шара үш күн бойы өтті. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, осы уақыт ішінде полицейлер 24 заңсыз тасымалдау фактісін, көлікті заңсыз қайта жабдықтаудың 5 жағдайын және техникалық байқаудан өтпеген автокөліктерді басқарудың 32 фактісін анықтады. Сондай-ақ тәртіп сақшылары мас күйінде көлік жүргізген заңсыз тасымалдаушыны ұстады.

Кездесу барысында бірқатар ұсыныстар айтылды. Жасырын таксистерді заңдастыру мүмкіндігі туралы СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов атап өтті. Оның айтуынша, жұмыстың мақсаты – жекеменшік көліктерді жолдан ығыстыру емес, оларды қауіпсіздікті арттыру және жол-көлік оқиғаларын азайту үшін құқықтық алаңға көшіру.

Жиында Петропавл автовокзалында жақын уақытта жағдайды жақсарту ұсынылды – жолаушылар үшін анағұрлым қолайлы жағдайлар жасалмақ. Ал тәртіп сақшылары бақылау мен профилактиканы күшейтеді – рейдтер жиілеп, жолдағы заңсыз тасымалдаушыларды анықтау қарқыны артады.
