Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СКО-да «Жезқазған – Петропавл» республикалық автожолының учаскесінде орташа жөндеу аяқталды

СКО-да «Жезқазған – Петропавл» республикалық автожолының учаскесінде орташа жөндеу аяқталды

November 18, 2025 11:51

Солтүстік Қазақстан облысында «Жезқазған – Петропавл (Арқалық арқылы)» республикалық маңызы бар автожолдың екі маңызды учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Жаңартылған жол бөлігінің жалпы ұзындығы 67 шақырымды құрады, деп хабарлайды QZ NEWS «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ға сілтеме жасап.

Бірінші учаске 595–624 шақырымда орналасқан, ұзындығы – 27,7 км.
Екінші учаске 624–649 км және 656–670,3 км аралығындағы бөліктерді қамтиды, жалпы ұзындығы – 39,3 км.

«Жөндеу барысында 67 шақырымдық учаскенің негізі инертті материалдар мен цемент қосылған суық ресайклинг әдісімен нығайтылды. Екі қабатты асфальтобетон жабыны төселіп, жол жиегі бекітілді. Шығар жолдарда жол киімдері жасалып, автопавильондар жаңартылып, ауыстырылды. Бұдан бөлек, 13 су өткізу құбыры, оның ішінде үш тюбингті құбыр орнатылып, жаңасына ауыстырылды», – делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, жүргізілген жұмыстар жол қауіпсіздігін арттырып, жол жабынының ұзақ мерзімге шыдамдылығын қамтамасыз етеді.

Shares