СКО-да ТЖД қызметкерлері қираған көліктерде қысылып қалған жүргізушілерді құтқарды

Тәуліктің ішінде Солтүстік Қазақстан облысында екі жол-көлік оқиғасы болып, жүргізушілер көліктің ішінде қысылып қалған, деп хабарлайды QZ NEWS.
Екі жағдайда да ТЖД құтқарушыларының жедел араласуы қажет болды. Тайынша қаласында «Семейный» дүкенінің маңында автокөлік ағашқа соғылған. Жүргізуші салонда қысылып қалған. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, авариялық-құтқару құралдарының көмегімен зардап шегушіні қираған көліктен шығарып алды.

Петропавлда Ауэзов және Малая көшелерінің қиылысында екі көлік соқтығысты. ЖКО салдарынан жүргізушінің бірі көлік ішінде қалып қойған. ТЖД қызметкерлері оны да жылдам босатып шығарды.
Екі жүргізуші де құтқарылғаннан кейін дереу қажетті медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
