Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Галина Легкодимова: «Маған ешкім баламды қайтармайды. Бірақ қызымның есімі ақталды»

Галина Легкодимова: «Маған ешкім баламды қайтармайды. Бірақ қызымның есімі ақталды»

November 17, 2025 16:16

Жантүршігерлік жағдайда қаза тапқан Яна Легкодимованың анасы қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Галина Легкодимова ешқандай үкім оның қайғысын жеңілдетпейтінін мойындайды, бірақ енді қызының есімі ақталғанын айтады. Сонымен бірге ол өзін әлемдегі ең жалғыз адамдай сезінетінін жеткізді, деп хабарлайды QZ NEWS kursiv.media-ға сілтеме жасап.

Үкім шығарылардан бір күн бұрын Галина Легкодимова 25 жыл да, өмір бойына бас бостандығынан айыру да оның жүрегіндегі жараны жеңілдете алмайтынын айтқан еді.

«Мен мұның бәрін олардан басқа адамдарды қорғау үшін және қызымның аты үшін жасап жүрмін. Және мұның бәрін өшпенділіктің, ашудың, кектің күшімен істеп келемін. Ертең бәрі аяқталады, әрі қарай неге сүйенерімді білмеймін. Менің балаларым жоқ. Менде ешкім жоқ. Мен баламен сөйлесуге үйренгенмін. Біз үнемі сөйлесетінбіз. Ол жоқ, мен өзімді… Міне, алып әлем бар, ал мен өзімді ең жалғыз сезінемін. Өйткені оны ешкім алмастыра алмайды. Не отбасы, не жақындар, не туыстар. Ешкім. Мен өзімді әлемдегі ең жалғыз адамдай сезінемін. Өйткені біз әрдайым екеуміз болатынбыз, үнемі құшақтасатынбыз, мен оны құшағыма басатынмын», – деді Галина Легкодимова Елена Погребижскаяға берген сұхбатында көзіне жас алып.

Яна Легкодимованың анасы қызы туралы өткен шақта айту өзіне өте ауыр екенін, себебі онымен қоштаса алмағанын айтты. Үкім жарияланғаннан кейін Галина Легкодимова сот шешімін әділ деп санайтынын мәлімдеді.

«Маған ешкім баламды қайтармайды. Бірақ қызымның есімі ақталды, өйткені айыпталушы ол оған бірінші болып шабуыл жасады деп айтқан. Ең бастысы – олар жазасын алды. Баршаңызға рақмет», – деді ол.

Еске салайық, Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимов алдын ала сөз байласу арқылы жасалған адам өлтіру үшін өмір бойына сотталды. 2024 жылдың қазанында олар Янаны үйінен алдап шақырып, көлікте тұншықтырып өлтірген, кейін мәйітін Жайыққа тастаған. Катимов пен Хайржанов «Янадан мәңгі құтылғылары» келген.

Shares