СҚО жедел медициналық көмек хирургтары ауыр жол апатынан кейін науқастың иық және аяқ сүйегін қалпына келтірді

Көпбейінді қалалық жедел медициналық көмек ауруханасына (КҚЖМКА) автокөлік қағып кеткеннен кейін ауыр жарақаттармен түскен 69 жастағы науқасқа күрделі ота жасалды, деп хабарлайды QZ NEWS.
Ауыр апаттан кейін әйел адам оң қолын көтере алмай, тізесінде қатты ауырсыну сезініп, аяғына салмақ сала алмағандықтан, толық тексеру үшін КҚЖМКА-ға жеткізілді. Толық тексеруден кейін дәрігерлерге иық сүйегінің сынуы, жамбас сүйегінің сынуы және бастан жарақаттар алған.

«КҚЖМКА мамандары күрделі қос операция жасауға шешім қабылдады. Травматологтар бірден екі ота – иыққа және оң төменгі аяққа жасады. Ота сәтті өткеннен кейін аяққа сенімді фиксация үшін гипс салынды», – деп хабарланды.
Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақтанған және қанағаттанарлық деңгейге жақын деп бағаланып отыр. Ол жарақат бөлімінде мамандар бақылауында қажетті ем мен процедураларды қабылдауды жалғастыруда.

Ота және емнің толық курсы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде жүргізілгені атап өтілді.
