Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдық Аделия Хұсайын «The Voice Қазақстан» жобасынан шығып қалды

Петропавлдық Аделия Хұсайын «The Voice Қазақстан» жобасынан шығып қалды

November 17, 2025 12:08

Петропавлдық, Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті, 22 жастағы Аделия Хұсайын әйгілі «The Voice Қазақстан» жобасына қатысты. «Көрінбейтін тыңдау» кезеңінен кейін ол Байғали Серкебаев командасына өтті, деп хабарлайды QZ NEWS.

«The Voice Қазақстан»жобасында әрбір тәлімгер өз тобына 12 қатысушы қабылдады. Кейін «Жекпе-жек» кезеңі басталды. Жаттықтырушылар дуэттер құрап, вокалистер бір-бірімен жарысады. Өнер көрсеткеннен кейін келесі кезеңге тек бір қатысушы өтеді. 17 қараша, жексенбі күні Аделия Хұсайын мен Алғыс Абдрахманұлы «Асыл жаным-ай» әнімен өнер көрсетті.

«Бастапқыда мен үшін – керемет дуэт жасау маңызды болды. Бір-бірімізбен жарысу емес, шын мәнінде тамаша музыканы жеткізу керек еді», – деді Аделия Хұсайын өнер көрсету алдында.

Орындаудан кейін қазылар алқасы әннің артықшылығы мен кемшіліктерін атап өтті. Алайда жобада кімнің қатысуын жалғастыратынына соңғы сөз тәлімгерге берілді.

«Аделия репетицияларда неге екенін түсінбеймін, өте жарқын болды, ал Алғыстан сенімділік жетіспеді. Бірақ бүгін сен үлкен кәсіби маман сияқты жиналып, шын айтсам, осылай ән айтасың деп күтпедім. Жобада қалатыны – Алғыс», – деді Байғали Серкебаев.

Аделия Хұсайын жобаға қалмаса да, қыз қазылар алқасы мен тәлімгеріне конкурста қатысу мүмкіндігі үшін алғысын білдірді.

«Кәсібилігіңізге, музыкалық талантыңызға үлкен рахмет. Сіздермен жұмыс істегеніме шексіз қуаныштымын. Бұл мен үшін өте керемет мүмкіндік. Баршаңызға рахмет!», – деп сөз сөйледі қыз қазылар алқасына.

Айта кетейік, Аделия Хұсайын «The Voice Қазақстан» қатысушыларын іріктеуден өтті. 12 қазанда ол «көрінбейтін тыңдау» кезеңінде M. Jackson, S. G. McLaughlin, I. B. Scott-тің «River» әнімен өнер көрсетті. Жаттықтырушылар тек дауысына және эмоциясына қарап қатысушыларды таңдады, визуалды байланыссыз. Вокалдық қабілеттерімен таңғалдырған қызға тәлімгерді таңдауға ұсыныс берілді – ол Байғали Серкебаев командасын таңдады.

«Бірінші мақсат – осы көңіл-күйді, драйвты, энергияны беру болды. Көрінбейтін тыңдауда бұл аздап сәтсіз шықты, дайындықта жақсы болды. Мен Байғалидың командасына түскім келді, ол соңында бұрылып, мен өте қуандым», – деп бөлісті Аделия.

Аделия Хұсайын музыкамен бесінші сыныптан бері айналысады. Бойжеткен Петропавлдағы «Жас дарын» өнер мектебін тәмамдаған. Кейін Ермек Серкебаев атындағы колледжге түскен. Қазір ол Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында оқиды, белсенді музыкамен айналысады және вокал сабақтарын жүргізеді.

QZ NEWS редакциясына Аделияның әкесі Арслан Хусаинов айтып бергендей, Аделия болашақта шығармашылық жоспарларын жүзеге асыруды – ән жазуды және оларға клип түсіруді жоспарлап отыр.

Shares