Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Солтүстік Қазақстан облысында 49 көпқабатты тұрғын үй салынуда

Солтүстік Қазақстан облысында 49 көпқабатты тұрғын үй салынуда

2023 жылы Солтүстік Қазақстан облысында 49 көппәтерлі тұрғын үй салынуда, оның ішінде: 1678 пәтерлі 20 бюджеттік үй және 1924 пәтерлі 29 коммерциялық үй. Жыл соңына дейін 25 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкіміне құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Қайрола Ғалеев мәлім етті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Тұрғын үйлердің негізгі көлемі облыс орталығында орналасқан. Петропавл қаласында бірнеше перспективалы шағын аудан дамып келеді, соның ішінде: «Жас Өркен» ықшам ауданы – 4 тұрғын үй салынып жатыр (осы жылы 3 үйдің құрылысы басталды), «Береке» ықшам ауданы – 1 ғимарат, «Орталық» шағын ауданы – 1 ғимарат, (осы жылы), 19 шағын ауданы – 2 үй (осы жылы салынып жатыр), «Қопай» – 7 үй. Коммерциялық тұрғын үй құрылысы басым бағыттардың бірі болып табылады. Қазір 1924 пәтерлік 29 тұрғын үй салынуда. Жыл басынан бері 504 пәтерлі 10 үй пайдалануға берілсе, 2023 жылдың соңына дейін 461 пәтерлік тағы 7 үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Коммерциялық тұрғын үй құрылысының өсуі инвестиция үшін қолайлы жағдайларды көрсетеді.

«Облыс аудандарында 222 пәтерлік 5 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде: Шал ақын, Қызылжар, Тайынша, Ғ.Мүсірепов және М.Жұмабаев. 5 көпқабатты тұрғын үйдің 2023 жылы Ғ.Мүсірепов пен М.Жұмабаев ауданында 95 пәтерлі 2 үй пайдалануға беріледі. Қалғандары келесі жылы пайдалануға беріледі», – деп түйіндеді сөзін СҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Қайрола Ғалеев.

Shares