Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Катардың «Ultradecor» компаниясы Петропавлда ДСП плиталарын шығаратын зауыт салады

Катардың «Ultradecor» компаниясы Петропавлда ДСП плиталарын шығаратын зауыт салады

November 20, 2025 09:11

Солтүстік Қазақстан облысының басшылығы Катарлық «UltradecorTradingKazakhstan» компаниясының ірі инвестициялық жобасын жүзеге асыру үшін «Qyzyljar» АЭА аумағында жаңа субаймақ құруды ҚР Үкіметімен келісіп алды, деп хабарлайды QZ NEWS.

Еуразиядағы ағаш плиталарын өндіру бойынша жетекші компаниялардың бірі Петропавлда ДСП/ЛДСП шығаратын ағаш өңдеу зауытын салуды жоспарлап отыр. Осы және өзге де ілеспе өндірістерді орналастыру үшін облыс орталығы аумағында жалпы аумағы 150 гектар болатын №5 субаймақ құрылды. Бұл алаңда 1 000-нан астам жұмыс орнын құратын толыққанды ағаш өңдеу кластерін қалыптастыру көзделіп отыр. Инвестор инфрақұрылым тарту үшін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге кірісіп кетті.

«1-кезеңде 90 млрд теңге инвестиция құю жоспарланған, зауыттың қуаттылығы жылына 300 мың текше метр ОСБ және 10 млн шаршы метр ЛДСП болады. 180 тұрақты жаңа жұмыс орны ашылады. Жобаны іске асыру үшін 75 гектар жер учаскесі қажет», – деп мәлімдеді СҚО әкімдігі отырысында.

Shares