Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл әуежайында VIP-залдар ашылды, жаңа рейстер іске қосылмақ

Петропавл әуежайында VIP-залдар ашылды, жаңа рейстер іске қосылмақ

November 14, 2025 21:04

Танымал тревел-блогер және тәжірибелі саяхатшы Яков Федоров Петропавлға келді. Ол халықаралық Петропавл әуежайының директоры Әбіл Кекілбаевпен кездесіп, әуе айлағының қазіргі жағдайы мен даму жоспарлары туралы білді, деп хабарлайды QZ NEWS.

Әбіл Кекілбаевтың айтуынша, жоспар көп, алайда оларды іске асыру оңай емес.
«Қазір біз ұшу географиясын кеңейту бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ бұл өте күрделі процесс екенін бірден айтамын», – деді директор.

Әуежай инфрақұрылымындағы ағымдағы өзгерістердің бірі – ақылы CIP/VIP-залдардың ашылуы.

«Қазір бізде үш бағытта рейстер ұшады: Алматы, Шымкент, Астана. Астанаға күн сайын, Алматыға аптасына төрт рет, Шымкентке аптасына екі рет. Сондай-ақ Мысыр еліне чартерлік рейстер орындалады. Бұл Selfie туристік компаниясы және SCAT әуе компаниясымен бірлескен жоба», – деді Әбіл Кекілбаев.

Жаңа бағыттар қандай болатыны туралы сұраққа ол сақтықпен жауап берді.

«Әзірге осы рейстерді сақтап қалу бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ Қазақстан ішінде де, шетелге де бағыттарды кеңейту жоспары бар», – деді Петропавл әуежайының директоры.

Shares