Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » ОРВИ салдарынан СҚО-ның екі мектебі оқушыларды қашықтан оқыту форматына жіберді

ОРВИ салдарынан СҚО-ның екі мектебі оқушыларды қашықтан оқыту форматына жіберді

November 21, 2025 17:23

Солтүстік Қазақстан облысының екі мектебінде ОРВИ-мен сырқаттанушылық деңгейінің жоғары болуына байланысты бірқатар оқушылар қашықтан оқытуға ауыстырылды, деп хабарлайды QZ NEWS.

СҚО білім басқармасының мәліметінше, қашықтан оқуға Айыртау және Мағжан Жұмабаев аудандарындағы екі мектептің оқушылары жіберілді. Атап айтқанда, Айыртау ауданы Арықбалық мектебінде 1-ден 11-сыныпқа дейінгі 116 оқушы қашықтан оқу форматына ауыстырылды. Ал Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға мектебінде 1-сыныптың 4 оқушысы қашықтан оқуға жіберілген.

Еске сала кетейік, Петропавл қаласының білім бөлімі де оқушылар арасында ЖРВИ мен тұмаудың жоғары деңгейде таралуына байланысты бірнеше сыныпты қашықтан оқыту форматына ауыстыру туралы шешім қабылдаған болатын.

СҚО білім басқармасының мәліметінше, барлығы 239 оқушы қашықтан оқытуға жіберілді.

Shares