Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО ҚАЖ ардагері Иосиф Перловский: «Өмірімді Отанға қызмет етуге және ҚАЖ жүйесіндегі жұмысқа арнағаныма бір күн де өкінген емеспін»

СҚО ҚАЖ ардагері Иосиф Перловский: «Өмірімді Отанға қызмет етуге және ҚАЖ жүйесіндегі жұмысқа арнағаныма бір күн де өкінген емеспін»

November 21, 2025 12:54

Қазақстанда алғаш рет 13 желтоқсан күні қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің күні ресми түрде аталып өтеді. Мереке қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінде жас ұрпаққа үлгі боларлық еңбек жолы бар ардагерлерді ұлықтау рәсімі өтті, деп хабарлайды QZ NEWS.

Сол ардагерлердің бірі – биыл 85 жасқа толатын ішкі қызметтің отставкадағы майоры Иосиф Юльевич Перловский.

1970–1992 жылдары Иосиф Юльевич СҚО ҚАЖ жүйесінің түрлі бөлімдерінде қызмет атқарып, сотталғандарды қайта тәрбиелеу және оларды қоғамға бейімдеу секілді аса күрделі міндетке бар күш-жігерін арнады. Оның кәсіби еңбегі одақ деңгейінде жоғары бағаланды: «Бостандығынан айыру орындарында сотталғандарды бейімдеу және қайта тәрбиелеу әдістері» атты оның әдістемелік ұсынымдары Мәскеуде қаралып, бүкіл КСРО бойынша тәжірибеде қолдануға ұсынылған.

«Иосиф Юльевич – еңбекқорлығы ерекше, ішкі мәдениеті жоғары, нағыз принципшіл тұлға. Оны қызметкерлер де, сотталғандар да әділдігі мен адамгершілігі үшін құрметтейтін», – деді Ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркеұлан Бектұров.

Ондаған жылдар бойы адал қызмет атқарғаны үшін Иосиф Юльевич «Мінсіз қызметі үшін» I, II және III дәрежелі медальдарымен, сондай-ақ өзге де ведомстволық марапаттармен наградталған.

Тәрбиелік бөлімнің бастығы қызметінен құрметті еңбек демалысына шыққан ардагер қазір де Ардагерлер кеңесінде белсенді қызмет етіп, жастардың патриоттық тәрбиесіне үлкен үлес қосып келеді. Осы еңбегі үшін ол ҚР ІІМ және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Ардагер жаңа кәсіби мереке қарсаңында өз ойымен бөлісті.

«Әрине, бәріміз қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне арналған жеке кәсіби мерекені қалайтынбыз. Өмірімді Отанға қызмет етуге және ҚАЖ жүйесіндегі жұмысқа арнағаныма бір күн де өкінген емеспін. Қартаю мені үйде таппайды — шамам жеткенше қатарда боламын», – дейді ардагер.

Shares