Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда татар тілінде диктант жазылды

Петропавлда татар тілінде диктант жазылды

15 қазанда Қазақстан халқы Ассамблеясының СҚОФ «Татарча диктант» атты Дүниежүзілік татар тілінің акциясы өтті деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі.

13-15 қазан аралығында «Татарча диктант» Дүниежүзілік білім сынағы өтті. Акция дүниежүзінде тұратын татарларды біріктіру, сондай-ақ әдеби татар тілін меңгеруге қызығушылықты арттыру, орфографиялық және грамматикалық қателерді тексеру, татар тіліне деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған.

«Татарча диктант» шарасына Петропавл қаласы да қосылды. Айтпақшы, ол бірнеше жылдан бері өткізіліп келеді. Шара «Дуслык» Солтүстік Қазақстан облыстық татар-башқұрт қоғамдық орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті.

Shares