Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » 6 қараша күні Солтүстік Қазақстан облысында дауылды жел мен көктайғақ күтіледі

6 қараша күні Солтүстік Қазақстан облысында дауылды жел мен көктайғақ күтіледі

November 5, 2025 16:09

Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті 6 қараша күні аймақта ауа райының күрт нашарлайтыны туралы ескертеді. Бұл күні жауын-шашын болып, қатты жел соғып, көктайғақ болады, деп хабарлайды QZ NEWS.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша түнде қар жауып, күндіз жаңбыр аралас қар күтіледі. Көктайғақ пен бұрқасын болады деп болжануда. Облыстың батыс бөлігінде тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с, кей жерлерде 25 м/с дейін жетеді.

Петропавл қаласында да түнде қар, күндіз жаңбыр және қар жаууы ықтимал. Сондай-ақ көктайғақ пен бұрқасын күтіледі. Желдің бағыты – оңтүстік-батыс, жылдамдығы 15–20 м/с.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындар мен жүргізушілерге барынша сақ болуды, алыс сапарларға шықпауға және көліктерін электр желілерінің астына немесе ескі ағаштардың жанына қоймауға кеңес береміз», – деп ескертті СҚО ТЖД мамандары.

Shares