Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Светлана Малихтарович Австралияда өткен кекушинкай каратеден Әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Светлана Малихтарович Австралияда өткен кекушинкай каратеден Әлем кубогының қола жүлдегері атанды

November 23, 2025 14:42

Австралияның Голд-Кост қаласында өтіп жатқан I.K.O.KU VII Әлем кубогында СҚО-дан барған каратист Светлана Малихтарович екінші қола медальді жеңіп алды. Спортшы «Кумите» дисциплинасы бойынша 50–59 жас санатында, 65 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті, деп хабарлайды QZ NEWS.

СҚО бойынша «ВКОКК» РҚБ филиалының директоры Владимир Витченконың айтуынша, жарыстың екінші күні өте тартысты өтті.

«Біздің облыстан жартылай финалға екі қатысушы – Людмила Бутенко мен Светлана Малихтарович шықты. Әр спортшы екі-бірден жекпе-жек өткізді. Светлана жеңіске жетіп, Әлем кубогында үшінші орын алды. Жекпе-жектер өте ауыр әрі деңгейі жоғары болды», – деді ол сұхбатында.

Айта кетейік, I.K.O.KU VII Әлем кубогында СҚО намысын төрт каратеші қорғауда: Владимир Витченко (40–49 жас, 85 кг дейін), Аян Тортаев (18–39 жас, 65 кг дейін), Людмила Бутенко (50–59 жас, 65 кг дейін), Светлана Малихтарович (50–59 жас, 65 кг дейін).

Жарыстың алғашқы күні «Ката» түрі бойынша өткен сындарда СҚО спортшысы Людмила Бутенко (50–59 жас, 65 кг дейін) қола медаль жеңіп алған болатын.

Shares