Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдағы көпсалалы аурухананың құрылысы жалғаса ма?

Петропавлдағы көпсалалы аурухананың құрылысы жалғаса ма?

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «YDA Group» түркиялық компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Арслан Хусейнмен кездесті. Жүздесуде денсаулық сақтау саласындағы серіктестік мәселелері талқыланды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп көпсалалы аурухана құрылысын жеделтету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

“Біздің облыс үшін бұл маңызды жоба. Жаңа аурухана заманауи қондырғылармен жабдықталып, дәрігерлер мен науқастарға қолайлы жағдай жасалмақ. Осылайша солтүстікқазақстандықтар жоғары сапалы медициналық қызметке қол жеткізеді”, – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Shares