Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » ҚР оқу-ағарту вице-министрі Солтүстік Қазақстан облысының мұғалімдерімен кездесті

ҚР оқу-ағарту вице-министрі Солтүстік Қазақстан облысының мұғалімдерімен кездесті

Кездесуде солтүстікқазақстандық ұстаздар өздерін толғандырған барлық сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Соның бірі балабақшадағы тәрбиешілердің жалақысына қатысты болды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

«2020 жылдан бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы жыл сайын өсіп келеді. 1 қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30 пайызға өсті. Біліктілік санаттарына байланысты жалақыны көтеруге де мүмкіндік бар», – деді Білім вице-министрі Айбат Ілиясов.

Солтүстікқазақстандық мұғалімдерді ауыл мектептеріндегі интернет мәселесі де алаңдатады. Атап айтқанда, ауылдардағы интернет жылдамдығының төмендігі мәселесін шешу үшін министрлік қандай жұмыстар атқаруда.

«2023 жылдың басында жоғары жылдамдықты интернеті бар мектептердің үлесі 19%-ды құрады. Жұмысты жергілікті атқарушы билікпен бірлесе атқардық. Қазір жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылған мектептердің үлесі 60 пайызды құрайды. Ауыл мектептеріндегі мектептердің 50%-да интернет жылдамдығы артты. Қалғандары бойынша да жұмыс жүргізілуде», – деп жауап берді Ілиясов.

Ұстаздар студенттер жатақханасындағы орын тапшылығы мәселесін де көтерді. Ауылдар мен басқа қалалардан келген студенттердің бір бөлігі орын тапшылығынан пәтер жалдап тұруға мәжбүр.

«Солтүстік Қазақстанда 600 орындық жатақхана қажет. Бұл мәселені шешу үшін ағымдағы жылдың соңына дейін 1 жатақхананы пайдалануға беру жұмыстары жүргізілуде, бұл жатақхана 244 орынға шақталған», – деп түйіндеді вице-министр.

 

Shares