Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да бір жылда қылмыс саны азайды

СҚО-да бір жылда қылмыс саны азайды

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде ведомствоның жыл басынан бергі жедел іс-шараларының қорытындысы бойынша брифинг өтті. Облыстық ПД басшысы Айдын Қабдұлдинов өңірдегі қылмыстық ахуал туралы хабардар етіп, жұмыстың басым бағыттарын атап өтті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Сегіз айдың қорытындысы бойынша қылмыстардың жалпы саны 20 пайызға азайды. Облыста 2484 қылмыс тіркелді. ПД басшысы ең өзекті мәселелерге тоқталды, олар: жазатайым оқиғалар, электрсамокаттардың қатысуымен болатын оқиғалардың алдын алу, білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, есірткі қылмысымен, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу және басқа да мәселелер.

Журналистерді ақпан айында облыс орталығындағы мектепте кәмелетке толмағандардың қатысуымен орын алған кісі өлтіруге оқталу фактісін тергеудің барысы, педофилия фактілері, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеп шыққан адамдарды бақылау қызықтырды. Барлық сұрақтарға Айдын Қабдұлдинов жауап берді.

«Есірткі бизнесімен күрес, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу, жедел және қызметтік қызметті цифрландыру – қазіргі заманғы полиция қызметінің негізгі бағыттары болып табылады. Полицейлер жұмыстың сервистік үлгісін дамытуды, халықпен өзара әрекеттесу нығайтуды, қылмысқа мүлдем төзбеушілік қағидатын сақтау бойынша шараларды жалғастыруда. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алумен қатар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау – басты басымдықтардың бірі болып табылады. Солтүстік Қазақстан полициясы басшылығының қатысуымен БАҚ өкілдеріне арналған брифингтер тұрақты түрде өткізу жоспарлануда», – деді полиция департаментінің басшысы Айдын Қабдұлдинов.

 

Shares