Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қала әкімі Петропавл қаласының тұрғыны Вера Семененконы 100 жылдық мерейтойымен құттықтады

Қала әкімі Петропавл қаласының тұрғыны Вера Семененконы 100 жылдық мерейтойымен құттықтады

Семененко Вера Матвеевна 1923 жылы 29 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Всеволодовка ауылында туған. Ол бұл өмірдің қызығы мен шыжығын қатар көрді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Вера Матвеевна жаппай ашаршылық кезінде туыстарынан айырылды. Әжей айтқандай, оның сол жылдардағы жалғыз арманы  бір үзім нан табу болатын. Сол үшін колхозда жұмыс істеуге тура келіпті, ол жерде ауыр жұмыстың өтемақсы ретінде тамақ берілген. Кейуана екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тылда еңбек етіп, соғыс уақытының барлық ауыртпалығы мен қиындықтарына табандылықпен төзе білді.

«Басынан қанша сынақ өтсе де, төзе білген табандылығыңыз, күш пен батылдығы үшін шексіз алғысымды білдіремін. Көптеген адам Вера Матвеевнаның есте сақтау қабілетіне қызығады. Ол әлі күнге дейін көптеген өлеңдерін жатқа біледі. Соның ішінде – А.С.Пушкиннің «Татьянаның Онегинге хаты» шығармасы. Қалада тәжірибесі мен білімі мол адамдар бар екені қуантады. Біз аға буынды бағалап, құрметтеп, қамқорлық жасауымыз керек. Бұл – біздің міндетіміз!», – деді қала әкімі С.Мұхамедиев.

Shares