Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың СҚО-мен танысуы жалғасуда
Бұл жолы облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облысымыздағы сумен қамтамасыз ететін кәсіпорындардың қызметімен танысты. Өңір жетекшісі «Қызылжар су» серіктестігінде болды. Мұнда су және кәріз желілерін жөндеу туралы ақпарат айтылды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Сонымен қатар, өңір басшысы «Тазартқыш, су таратқыш және су өткізгіш ғимараттар» коммуналдық кәсіпорнына барды. Қызылжар ауданындағы «Есіл су» кәсіпорнының Соколов өндірістік учаскесінде болып, облыста атқарылып жатқан жұмыстармен де танысты. Топтық су құбырларына қатысты түйткілді мәселелер көтерілді.
“Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету – стратегиялық міндет. Сумен қамту саласындағы мәселелерді шешу үшін тиісті шаралар қабылданатын болады”, – деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.