Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да жеті жігіт бірнеше рет мал ұрлады деген күдікпен ұсталды

СҚО-да жеті жігіт бірнеше рет мал ұрлады деген күдікпен ұсталды

СҚО Есіл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері мал ұрлығын жасады деген күдікпен облыстың 18 бен 22 жас аралығындағы жеті тұрғынына қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Қылмыстар биылғы жылдың жазында Есіл ауданында, тағы екі факті Мамлют және Шал ақын аудандарында жасалған. Белгісіз қылмыскерлер ауыл тұрғындарының қора-қопсыларына кіріп, қойларды ұрлаған. Бір ұрлағанда 6 басқа дейін алып кетіп отырған. Тамыз айында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер облыстың күдікті жеті тұрғынын әшкереледі. Тергеу барысында ұрланған малдардың еті Петропавлда сатылғаны анықталды. Сатып алушыдан төрт бас қой тәркіленді.

“Белгілі болғандай, малдары ұрланған тұрғындар полицияға жүгінбеген. Малдары өздері шығып жоғалып кеткен болуы мүмкін деп ойлаған. Бірқатар фактілер тек тергеу барысында анықталды. Бүгінгі күні істе 10 эпизод бар. Соңғысы Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне 19 қыркүйек күні тіркелді. Барлығы 31 жануардың ұрланғаны белгілі болды. Күдіктілер қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 3-бөлігі «Мал ұрлау» бойынша тергеу жүріп жатыр”, деп хабарлайды ПД.

 

 

Shares