СҚО-да әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері құттықтау қабылдады
Біздің заманымыздың батырлары – әлеуметтік қорғау қызметкерлерін осылай атауға болады. Олар қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға көмектеседі. Кәсіп өкілдері өздерінің кәсіби мерекелерін қазан айының соңғы жексенбісінде атап өтеді. Мереке қарсаңында “солтүстікқзақстандық батырлар” Құрмет грамоталарымен және төс белгілермен марапатталды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Қалалық мәдениет үйінде әлеуметтік қорғау жүйесінің өкілдері жиналды. Оларды өңір басшысының атынан кәсіби мерекемен оның орынбасары Қанат Дүзелбаев құттықтады. Бұл күні 17 cолтүстікқазақстандықтың еңбегі еленді. Тимирязев ауданынан келген Үлиям Ақпамбаеваға төсбелгі табысталды. Азаматша 32 жыл жұмыс істейді. Басқа салаға ауысуды мүлде қаламайды.
“Мен өз жұмысымды өте жақсы көремін. Адамдармен жұмыс істеймін. Аз қамтылғандарға және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға жәрдемақы, төлемдер тағайындаймын. Мен әлеуметтік салаға жататындардың барлығын кәсіби мерекемізбен құттықтағым келеді! Барлығына денсаулық, бейбітшілік, жақсылық пен шыдамдылық тілеймін!”,- деп атап өтті Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Үлиям Ақпамбаева.
Марапаттау рәсімінен кейін жергілікті шығармашылық ұжымдар мереке иелеріне арнап өнер көрсетті.