Костенко атындағы шахтада қайтыс болған 14 адам Қарағанды мен оның маңында жер қойнына тапсырылды
Қарағандыда және оның маңында Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілер жерлене бастады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі ekaraganda.kz. сайтына сілтеме жасап.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, жерлеу үш күнге созылады. Бүгін жұртшылық 14 кеншімен қоштасты.
Қаза тапқан кеншілердің көпшілігі бұрын аймақтың басқа шахталарында жұмыс істеген, содан кейін Костенко шахтасына ауыстырылған. Бірақ өздері Абай, Шахтинск, Сортировкада өмір сүрген. Қаза тапқандардың кейбірі өздерінің туған жеріне жерленді.
Бүгін, 30 қазанда жерленген кеншілердің тізімі:
- Адампаев Ерболат Мұратұлы, 1970 жылы туған. Көкпекті кентіндегі зиратқа жерленді;
- Шотаев Аманкелді Мейрамұлы, 1992 жылы туған. Көкпекті кентіндегі зиратқа жерленді;
- Мұсабеков Әсет Қанатұлы, 1979 жылы туған. Соқыр зиратына жерленді;
- Жанзақов Айзат Айханұлы, 1991 жылы туған. Құрылыс ауылындағы зиратқа жерленді;
- Әлияқпаров Қуандық Серікұлы, 1987 жылы туған. Пришахтинск зиратында жерленді;
- Кадиров Ринат Мүбаракзянович, 1970 жылы туған. Абай қаласындағы зиратқа жерленді;
- Крайнов Олег Викторович, 1968 жылы туған. Қарағандыда “Триада” зиратында жерленді;
- Богатырев Илья Константинович, 1995 жылы туған. Сортировкадағы зиратқа жерленді;
- Әбілов Айбек Нұрғалиұлы, 1997 жылы туған. Қарағандыда жерленді;
- Бобряшов Сергей Владимирович, 1962 жылы туған. Майқұдықтағы “Триада” зиратында жерленді;
- Шулевский Михаил Леонидович, 1986 жылы туған. Сортировкадағы “Триада” зиратында жерленді;
- Петренко Владимир Ильич, 1961 жылы туған. “Триада” зиратында жерленді;
- Крикунов Павел Александрович, 1971 жылы туған. “Триада” зиратында жерленді;
- Мағиев Жанболат Темірғалиұлы, 1981 жылы туған. Сортировкадағы зиратқа жерленді.
Естеріңізге сала кетейік, 28 қазанда Костенко атындағы шахтада газометан жарылып, өрт шықты. 29 қазандағы жағдай бойынша қаза тапқандар саны 45-ке дейін жетті.
Костенко атындағы шахтаға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келді. Ол қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен кеншілердің туыстарымен кездесті. Қаза тапқандардың отбасыларына ай сайын 500 мыңға дейін жәрдемақы төленетін болады.
Мемлекет басшысы 29 қазанды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.