Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Петропавлда коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

October 30, 2023 15:51

Ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Түнде көшелерді механикаландырылған тазалау жұмыстары жүргізілді. Таңғы сағат 6:00-де мамандар жолдарды, тротуарларды, аялдамалар мен жаяу жүргіншілер өткелдеріне арнайы қоспа себе бастады. Мұндай жұмыстар орталық көшелерде де, шеткі аудандарда да жүргізіледі. Жұмысқа 40 техника мен 80-нен астам адам жұмылдырылған. Қажет болған жағдайда техника мен бригадалар саны көбейеді.

«Ikomek-109 ахуалдық орталығы тәулік бойы тұрғындардың өтініштерін қабылдап, өңдеу үшін коммуналдық қызметтерге жібереді. 109 байланыс орталығына хабарласудың бірнеше жолы бар: әлеуметтік желілер (Instagram), telegram боты (@petropavl_109_bot), Aikey мобильді қосымшасы, 109 қысқа нөмірі», – деп толықтырды Петропавл қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Shares